Негізгі Жаңалықтар ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН – ӘЛЕМ ЖҮЛДЕГЕРІ

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН – ӘЛЕМ ЖҮЛДЕГЕРІ

Шымкенттік балуан Джохар Узаров Лас-Вегаста өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста отандасымыз ел намысын абыроймен қорғады.

Спортшыны жанкүйерлері әуежайдан күтіп алып, құрмет көрсетті. Джохар Узаров қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді. Оның айтуынша, жарыс барысында отандастарының демеуін сезінген. Ендігі мақсаты – дайындықты күшейтіп, келесі жарыстарда алтын медаль жеңіп алу.


ДЖОХАР УЗАРОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
«Әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Командалық есепте екінші орын алдық. Екі алтын, екі қола және бір күміс медаль жеңіп алдық».


Бөлісу