ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Адам өмірін арашалап, тілсіз жаумен бетпе-бет келетін құтқарушылардың еңбегі қашанда құрметке лайық. 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Шымкентте төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері марапатталды.
Ербол Нұрғалиев төтенше жағдайлар саласында 15 жылдан бері қызмет атқарады. Еңбегін өрт сөндіруші, құтқарушы болып бастап, қазір өрт сөндіру бөлімінің басшысы лауазымында. Кәсіби мерекеде қала әкімінің алғыс хатымен мараптталды.
Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиында Шымкент қаласының әкімі сала қызметкерлерін құттықтап, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берді. Шара барысында қызметтік міндетін абыроймен атқарып, кәсіби біліктілігімен көзге түскен мамандарға марапаттар табысталды.
Қауіп пен қатерге қарамастан, ел тыныштығы мен тұрғындардың амандығы үшін қызмет ететін құтқарушылардың еңбегі – қоғам қауіпсіздігінің маңызды тірегі. Ал кәсіби мерекеде табысталған марапаттар – олардың күнделікті қызметіне көрсетілген құрмет пен сенімнің белгісі.