ДРОНМЕН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ
Түркістан облысында полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді дронмен анықтап жатыр. Созақ ауданында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау барысында 20-дан астам қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушіні жауапкершілікке тартты.
Оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдаған. Сонымен қатар көлік құралдарының жарық шамдарын пайдалану талаптарын бұзған жүргізушілер де анықталды. Заң талаптарына сәйкес келмейтін LED шамдарын қойған жүргізушілерге тиісті шаралар көрілді. Түркістан облысының полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында жол қозғалысын әуеден бақылау және құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарын кеңінен пайдалануда.