Негізгі Жаңалықтар 330 КӘСІПКЕРГЕ 28 МЛРД ТЕҢГЕ ҚОЛДАУ

330 КӘСІПКЕРГЕ 28 МЛРД ТЕҢГЕ ҚОЛДАУ

Кәсібін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік бар? Шымкентте биыл 330 бизнес өкіліне 28 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі және кепілзат жеткіліксіз болса, не істеу керек? Тілші тарқатады.


«Даму» қоры кәсіпкерлерге 12,6 және 10 пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді. Банк ұсынатын пайыздық мөлшерлеме жоғары болса, оның бір бөлігін қор өтейді. «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында жобаның көлеміне қарай 200 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады. Ал «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 7,5 миллион теңгеге дейін қаржыландыру қарастырылған. Қолдау негізінен өңдеу өнеркәсібі мен экономиканың жекелеген салаларына бағытталған.


ӘСЕТ ТІЛЕМІСОВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Егер де кәсіпкерлердің кепіл заттары жетпеген жағдайда, «Даму» қоры кепіл затқа көмектесіп, несие алуға мүмкіндік береді»


 Несие алуға кепілзаттың жетіспеуі кедергі болмауы мүмкін. «Даму» қоры бұл бағытта да қолдау көрсетеді. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге қаржылық және құқықтық кеңес беріледі.


 ӘСЕТ ТІЛЕМІСОВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 – «Барлық валюта құнсызданады. Бұл шара кәсіпкерге 10 жылға дейін өз кәсібін тиімді дамытуға мүмкіндік береді»


Қор мамандары кәсіпкерлерге қолдау тетіктері бойынша кеңес береді. Ол үшін Шымкенттегі филиалға немесе қордың ресми сайтына жүгінуге болады. Баспасөз отырысында журналистер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.


Бөлісу