АРДАГЕРЛЕР ГҮЛЗАРЫ АШЫЛДЫ
Абай ауданы тағы бір аллеямен толықты. Қызылжар шағынауданындағы күре жол – Құртаев көшесінің бойында Ардагерлер гүлзары ашылды. Тұрғындардың қуанышымен арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі бөлісіп қайтты.
Салтанатты шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев арнайы келіп, лента қиды. Сондай-ақ шағын аудандағы бастауыш ұйым өкілдеріне сәттілік тіледі. Аллея 15 соттық аумақты алып жатыр. Мұнда қариялар серуендейтін аяқжол мен демалатын орындар жасалған. Ардагерлер үйінің іргесінде орналасқан гүлзар аймақтың ажарын ашып тұр.
БАСТАРХАН БАЙЖАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР Ш/А АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Екі мыңдай ардагер мүшелеріміз бар. Осы жерге келіп демалып, шахмат ойнап, уақыттарын тиімді өткізуге болады. Мектеп қасымызда, жастарға тәрбие сабақтарын жүргіземіз.
Салтанатты шарада мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды. Ән айтып, тақпақ оқып, қариялардың көңілін көтерді. Ал айтыскер ақын Карима Оралова жырдан шашу шашып, ардагерлердің абыройын асырды.
МӘЛКАЙДАР ИСМАЙЛОВ, АБАЙ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Ардагерлерді құрметтеп, кәсіпкерлер мына үйді салған. Енді оған қосып гүлзар салып беріп жатыр.
Абай ауданында 24 бастауыш ардагерлер ұйымы бар. Олардың мүшелерінің саны 22 мыңға жуық. Аудан қариялары игі істерге мұрындық болып, жастар тәрбиесіне де белсене атсалысады. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына қатысып келеді.