«АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ»
«Адами капитал – ел дамуының басты ресурсы».Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде осындай атаумен ауқымды халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған бұл жиынға отандық және шетелдік танымал академиктер, көрнекті ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жиында Польша мен Түркия елдірінен келген қонақтар да болды. Басқосуда заманауи білім беру мен ғылымды дамытудың басты бағыттары сараланып, жасанды интеллекттің әлеуеті кеңінен талқыланды. Сондай-ақ пленарлық мәжілісте спикерлер Қазақстанның ұлттық идеологиясының жобасы, «Мемлекет тірегі – Ұлттық құндылықтар», «Ұлт рухы және адам капиталы» тақырыбында баяндама жасады. Ал Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Оразалы Сәбден жасанды интеллектің мүмкіндіктері туралы айтты.
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Жалпы қазір егемендік алған уақытта екі мәселеге приоритет дейді басымдық беру керек деймін. Ғалым ретінде айтайын. Бірінші мәселе ол рухани –мәдени, тарихи, адам капиталы дейіз. Осыған мән беру керек, жандандыру керек. Қысқаша айтсам сана ғасыры келді. Сананы ояту керек, психологияны өзгерту керек. Міне осыған мән беру керек. Екінші 21 ғасырдың жаңа үрдісі. Ол жаңа технология, нано технология. Информациялық коммуникациялық технология. Космический технология және жасанды интеллект технологиясы. Осы екі нәрсеге басымдық берсек Қазақстан алға кетеді.