ЖАС ПАТРИОТТАР САРБАЗДАРДЫҢ РУХЫН КӨТЕРДІ
Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздарға ерекше кеш ұйымдастырылды. Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде Қазақстан жас патриоттар академиясының мүшелері концерттік бағдарлама ұсынып, жауынгерлерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Республика күніне орай өткен шара сарбаздардың рухын көтеріп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға арналды.
Алматыдан келген Ерсұлтан Хожалепес күзгі шақырылыммен әскер қатарына қосылған. Медиажурналистика мамандығын тәмамдаған сарбаз әскери қызметте де кәсібінен қол үзбеген. Ол бөлімдегі күнделікті өмір туралы мақалалар жазып, оларды интернет-ресурстарға жариялайды. Ал бүгінгі кеш туған-туыстарын сағынған сарбаздың көңілін бір серпілтті.
ЕРСҰЛТАН ХОЖАЛЕПЕС, САРБАЗ
Осы әскерге келген басты себептердің бірі ол Отан алдындағы борышымды өтеу. Жлпы Отанға қызмет ету әр-бір ер азаматтың міндеті болып саналады. Сондықтан осылай қызмет етуге келдім. Мен өзім медиажурналистика мамандығында оқыдым. Оныбітірдім қазіргі сәтте өз мамандығым бойынша маған әскерде мүмкіндіктер сыйлады. Мен қвзір осыөзіміздің бөлім туралы мақалалар жазамын. Оларды сайттарға шығарамын. Жалпы әр сарбазға өзінің білімі мен қабілетіне қарай мүмкіндіктер жасалады.
Концерттік бағдарламада патриоттық әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалды. Әскери бөлім басшылығы мен ардагерлер жас жауынгерлерге ақ тілектерін арнап, Отан алдындағы міндетті абыроймен атқарудың маңызын атап өтті.
КЕНЖЕБЕК ТӨКЕШОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ
Бізді биылғы келген 2/26 әскери жас сарбаздарға осы академияның қатысушылары үлкен іс-шара өткізіп, концерттік бағдарлама көрсетіп, фуршет стол жасап біздің солдаттарымызға жақсы көңіл-күй, үй жағдайындағы атмосфера сыйлауда. Ол біріншіден. Екіншіден әскерге келген сарбаздарымыз он күн болды келгендеріне. Олардың үйге деген сағыныштарын басып, патриоттық сезімдерін оятып осындай концерттік бағдарлама ұйымдастырып Шолпан Асылбекқызы апайымызға алғысымды білдірмемін.
Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға Қазақстан жас патриоттар академиясының Шымкент қаласындағы филиалы бастамашы болды. Ұйым өкілдері әскери қызметтегі жастарға қолдау көрсетіп, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруды көздейді.
ШОЛПАН БЕЙСЕНБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Әр ата-ана балаларын әскерге жіберер кезде кішкене обалжиды, уайымдайды. Сол уайым болмасын деп біз белсенділер осы Шымкентке келіп жатқан Жамыл, Қызылорда, Алматы облысының сарбаздары келіп жатыр. Солардың ата-аналарына айтарымыз біз бармыз. Осы әскерилердің жақсы өтуіне жақсы білім алуына жақсы орта құруғ абіз ат салысамыз. Алғы мақсатымыз жастарға патриоттық рух беру, отансүйгіштікке баулу. Қазақстан жас патриоттар академиясының мақсаты сол.
Әскери қызмет – тәртіп пен төзімділікті шыңдайтын мектеп. Ал осындай кездесулер жас сарбаздардың жігерін жанып, елге қызмет етуге деген ынтасын арттырады.