ЖОНАРЫҚТА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
Республика күні қарсаңында Сарыағаш ауданының Жонарық елді мекенінде 200 орындық жаңа Мәдениет үйі ашылды. Кітапханасы мен шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелері бар нысан ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.
Жаңа мәдениет үйінің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады. Құрылысы 2025 жылдың сәуірінде басталып, биыл қазан айында аяқталған нысанның жалпы құны – 565,6 миллион теңге. Аумағы 709,7 шаршы метр ғимаратта 200 орындық көрермендер залы, 8 800 кітап қоры бар кітапхана және хореография мен шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер орналасқан. Жаңа нысанның ашылуы нәтижесінде 13 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Мәдениет үйі ауыл тұрғындарының рухани өмірін жандандырып, жастардың өнері мен шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Осы мереке қарсаңында біз Сарыағаш ауданында ел игілігіне арналған жаңа нысандарды ашып жатырмыз. Бір мезетте 25 адамға қызмет көрсететін, халықтың сұранысына ие нысанды іске қостық. Сонымен қатар осы елді мекенде 200 орындық Мәдениет үйі ашылды. Құрметті ағайын, баршаңызды осы қуанышты оқиғамен құттықтаймын!