Негізгі Жаңалықтар ОТБАСЫ БАНКТІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ОТБАСЫ БАНКТІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкентте «Отбасы банктің» 21-ші кеңес беру орталығы ашылды. Қуаныш Төлеметов көшесінде орналасқан жаңа кеңседе тұрғындар баспана бағдарламалары, депозит ашу және жеңілдетілген несие алу шарттары бойынша кеңес ала алады.


Жеке баспаналы болу - әр отбасының арманы. Қала тұрғыны Мадина Жүнісова осы жылы «Отау» тұрғын үй бағдарламасы аясында Бозарық шағынауданынан үш бөлмелі пәтер алған. Бастапқы жарнаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қалған қаражатты өзі толықтырған. Оның айтуынша, банк мамандары құжат рәсімдеу кезінде қажетті бағыт-бағдар берген.


МАДИНА ЖҮНІСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Осы жылы конкурсқа қатысып Бозарықтан 3 бөлмелі пәтер алдым. Бастапқы жарнаға бізге өкіметтен берілді көмек ретінде. Қалған ақшаны өзім қосып екі ай болды алғаныма. Осы тамыз айының 5 –не берілді кілт. Жақсы консультация берді бізге жо сілтеді. Мында барасыз ЖКХ ға барасыз деп көрсетіп тұрды соны істедік біз. ЦОН ға бардық сонымен кілттің иегері болдық.


Жаңа орталықта тұрғындарға банктің негізгі қызметтері ұсынылады. Мұнда депозит ашып, оны толықтыруға, тұрғын үй бағдарламаларының шарттарын білуге және несие рәсімдеуге болады. Мамандар клиенттерге баспана алу жолдарын түсіндіріп, қажетті құжаттарды дайындауға көмектеседі.


ДАНИЯР ТАЙШЕКЕНОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл, есеппен 21 орталық. «Отау груп» құрылыс компаниясымен бірге ашып жатқан орталық. Бұл жерде «Отбасы банк» барлық қызмет түрлерін көрсететін боламыз. Яғни, қала тұрғындары осы жерге келіп «Отбасы банктің» барлық продукталеріне кеңес ала алады. Бұл жерде депозит ашу, толықтыру, несие рәсімдеу мүмкіндіктері қарастырылған.  Жалпы Отау грп компаниясы туралы айтатын болсақ? Бүгінгі аңда біздің сенімді серіктесіміздің бірі. Бұл құрылыс компаниясымен біздер осы жылдың өзінде 16 млрд суммада баспана беріп несие рәсімдеген болатынбыз.


Жаңа кеңес беру орталығы Қуаныш Төлеметов көшесі, 42-үйде орналасқан. Мұнда тұрғындар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін кеңес ала алады. Банк жыл соңына дейін тағы бір кеңес беру орталығын ашуды жоспарлап отыр.


Бөлісу