Негізгі Жаңалықтар «КҮН СӘУЛЕЛІ РЕСПУБЛИКА»

«КҮН СӘУЛЕЛІ РЕСПУБЛИКА»

Түркістанда аға буын өкілдеріне арналған «Күн сәулелі республика» атты мәдени кеш өтті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында бас қосқан қариялар ән айтып, өнер көрсетті. Мерекелік кеште ұлттық құндылықтар дәріптеліп, Республика күніне құрмет көрсетілді.


Әсем ән, көтеріңкі көңіл күй, жарасымды әзіл. Мерекелік басқосуда қариялар бір серпіліп қалды. Жастар да өнер көрсетіп, аға буынға құрмет білдірді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қарттардың белсенді өмір салтын қолдауға ықпал етеді.


АРУЖАН БЕРІКҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН БОЛАШАҚ ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАС МАМАНЫ
Ерекше қарттарымызға арнап «Қоғамдық келісім» мекемесімен және «Болашақ» колледжімен бірлесіп мәдени концерт ұйымдастырып жатырмыз. Басты мақсатымыз – Республика күні мерекесін атап өту.

Бөлісу