ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Шымкентте Республика күніне орай тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаладан 60-қа жуық спортшы жиналды.
Бұл – 2026 жылғы рейтингтік маусымның қорытынды бәсекесі. Додада ел чемпиондары анықталып қана қоймай, маусымның үздік ойыншылары да белгілі болады. Ұлттық ойынның беделі артып, оны дәріптеуге бағытталған жұмыстар да жанданып келеді.
АЛМАС ТОЛЫҚБАЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Тоғызқұмалақшылар спортшылар саны өсуде,және қызығушылық артуда,және де сіздерге,әріптестертеріңізге осылай ойынды көрсетіпғнасихаттап жатқандарыңызға.Қазіргі таңда Шымкентте көптеген клубтар,кружоктар ашылып жатыр.Сонымен қатар қала басшысына әкімге және спорт басқармасының қолдауымен мектеп арасына 9 құмалақ қосылған болатын.Сол үшінде кқптеген мектептер кружок ашып,тренерлер іздестіріп жатыр.
Чемпионатта үздік нәтиже көрсеткен спортшылар халықаралық жарыстарға жолдама алады. Бәсеке қорытындысы этноолимпиадаға қатысатын ұлттық құраманы жасақтауда ескеріледі. Сондықтан әр ойынның маңызы зор.
БИҒАЛИ ЗӘКРИЯЕВ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ
Тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері боламын.Жақында өткен дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеіәмпазымын.Тоғызқұмалақты қазіргі таңда ұлттық спортпенолимпиадада теңестіру туралы еліміздің президенті сөз сөйлеген болатын.Соның арқасында тоғызқұмалаққа деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді.Оның бір айқын дәлелі осы көшпенділер ойындар жеңімпазында тұңғыш рет қабылдап президент орден табыстаған болатын.
Айта кетейік, 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енді. Шымкент қаласының спорт басқармасы мен демеушілердің қолдауымен өтіп жатқан чемпионат 27 қазанға дейін жалғасады. Үш бағдарлама бойынша ел үздіктері анықталады.