Негізгі Жаңалықтар ШЫМКЕНТТІ ШЕТЕЛГЕ ТАНЫТАДЫ

ШЫМКЕНТТІ ШЕТЕЛГЕ ТАНЫТАДЫ

Шетелдік БАҚ өкілдері Шымкентті насихаттайды.   Олар қаланың көрнекті жерлерін аралап туристік әлеуетті саралап мақала жазатын болады. Мегаполисте Республика күніне орай шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды.  

Шымкент – тарихы терең, мәдениеті бай, қонақжайлығымен ерекшеленетін шаһар. Соңғы жылдары қалада туризм саласын дамытуға, тарихи орындарды танытуға және туристерге қолайлы жағдай жасауға басымдық беріліп келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған пресс-турға шетелдік және отандық БАҚ өкілдері қатысуда.

ЗАМАНБЕК ОРЫНБЕКОВ "VISIT SHYMKENT" ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫ
 Үш күнге созылатын бағдарлама бойынша  жоспарланған ақпараттық сапар барысында қатысушыларға қаланың туристік мүмкіндіктері таныстырылып, тарихи-мәдени мұралары мен көрікті орындары туралы мәлімет беріледі. Мұндай шаралар Шымкенттің туристік бағыт ретіндегі танымалдығын арттырып, халықаралық деңгейде оң имидж қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Туризмді дамыту – қаланың экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраны әлемге танытудың маңызды жолы. Осындай ақпараттық шаралар арқылы Шымкенттің туристік мүмкіндіктері кеңінен насихатталып, шаһарға келетін саяхатшылар санының артуына жол ашылады.

ЭНЕС ШАХИН, ЖУРНАЛИСТ (ТҮРКИЯ)
 Жалпы  Қазақстанға келу мақсатым мені көшпенділер тарихы қызықтырады.

 Шетелдік туристтерге  23-25 қазан аралығында шаһардың туристік әлеуетін таныстырып, тарихи-мәдени орындары мен көрікті жерлерін кеңінен насихатталады. Басты міндет – қаланың туристік тартымдылығын арттырып, шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын күшейту.



Бөлісу