Негізгі Жаңалықтар СТУДЕНТТЕР ФУТБОЛДАН БАҚ СЫНАДЫ

СТУДЕНТТЕР ФУТБОЛДАН БАҚ СЫНАДЫ

Республика күні қарсаңында Әл-Фараби ауданында студенттер арасында кіші футболдан тартысты бәсеке басталды. 14 жоғары оқу орны мен колледждің командалары алаңға шығып, өзара мықтыны анықтады.


Жарысқа бірінші және үшінші курс аралығындағы студенттер қатысып, командалар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнир жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған.

ЕЛҒОНДЫ ӘБІЛ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бұл шара жастарды спортқа баулу және нашақорлықпен күресу мақсатында ұйымдастырылды. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Алаңдағы бәсеке қыза түсті. Әр команда жеңіске жету үшін барын салды. Жарысқа қатысқан Абузар Таубаевтың да мақсаты айқын -командасымен бірге топ жару.

АБУЗАРР ТАУБАЕВ, СПОРТШЫ
Бұл шара нашақорлыққа қарсы күресуге және спортты дамытуға бағытталған. Біздің мақсатымыз – бірінші орын алу.

Турнир қорытындысында үздік командалар анықталды. Бірінші орын иегерлеріне 150 мың, екінші орын алған командаға 100 мың, ал үшінші орынға 50 мың теңге табысталды. Сонымен қатар үздік ойыншы, қақпашы, сұрмерген және қорғаушы арнайы марапаттарға ие болды.


Бөлісу