Негізгі Жаңалықтар «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы кітап оқитын ұлт қалыптастыру - ел болашағының кепілі екенін алға тартты. Осы ұран негізінде ақын Әкім Ысқақ пен сазгер Мамырғали Байстың шығармашылығына арналған «ТЕКТІ БАЛА БОЛАЙЫҚ» әндер жинағының тұсаукесері өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Әкім Ысқақ пен сазгер Мамырғали Байстың шығармашылығына арналған кеште  авторлар жастармен байланыс орнатып, сүбелі сұхаб құрды.  Өлең мен ән арқылы ұлттық құндылықтар мен ұлттық  сананы  жас ұрпақтың  бойына сіңіру, жүрегіне  жылулық  сыйлау, жастардың білімге деген құштарлығын арттыру көзделген.

ӘКІМ ЫСҚАҚ, АҚЫН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
– «Өмір өткен күндер емес есте қалған күндер. Шығармашылық адамы үшін ең үлкен бақыт оқырмандармен бас қосу.»

 Қос автордың   сөзі мен сазы үйлесім тапқан тәрбиелік мәні бар өлеңдер оқырманды бей-жәй қалдырмады. Өнерлі өрендер авторлардың шығармашылығы жайында пікір айтып, ой бөлісті. Өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Ұйымдастырушылар іс-шара жас буынның кітап оқуға деген ынтасын еселейтінін айтады.

Іс-шара аясында қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов білім, ғылым мен ұлттық тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарға Республикалық «Ардагерлер ұйымының «ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ» арнайы төсбелгісін табыстады.    Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып  жүрген жоғарғы оқу орындары мен колледж белсенділеріне, мектеп мұғалімдері және оқушылға  қоғам қайраткері, ақын  Әкім Ысқақтың арнайы Алғыс хаттары мен «Үздік педагог» номинациялары үлестірлді.

Бөлісу