«ӨНЕРІМЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР»
Өмір жолы өнеге, өнері ізбасарларына үлгі. Қазақ гобелен өнерінің негізін қалаушы, суретші Батырбек Өтептің 80 жылдығына орай «Өнерімен өрілген ғұмыр» атты еске алу көрмесі ұйымдастырылды. Дара тұлғаның туындылары көрерменнің көзайымына айналды.
Көрме Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Концерттік – көрме орталығында» ұйымдастырылды. Көптің назарына Батырбек өтептің 30 дан астам туындылары ұсынылды. Мінберге шығып сөз алғандар суретшінің шығармашылық мұрасы мен ұлттық мәдениеттегі орнына тоқталды.
МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ,
«Өнермен өрілген ғұмыр» атты көрмеде қайраткердің барлық туындылары қойылып отыр. Бұл елімізде гебелен өнерін дамытқан тұлға. Қазықтың гобилен өнерінің негізін салушы.
Гобелен өнерінің негізін қалаған қайраткер соңынан шәкірт өсірген ұстаз. Суретшінің шығармашылық мұрасын сақтап, оның туындыларын дәріптеуге үлесін қосып жүрген шәкірттерінің бірі Қуандық Ералыұлы. Ол ұстазының оразан еңбегін әңгімеге арқау етті.
ҚУАНДЫҚ ЕРАЛИН, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ
Гобелен өнерінің тарихи жанрын ашқан Оның Түркі дастан деген картинасы бар. Үш картина бір ойды білдіреді. Ол жерде ерлік, салт, өнер барлығын табуға болады.
Шара барысында Батырбек Өтептің өмірі мен оның гобелен өнерін дамытуға қосқан үлесі мен ұлттық нақышты заманауи көркемдік бағыттармен ұштастырған еңбегі кеңінен сөз болды. Шебердің шығармалары Швеция, Бельгия, Түркия, Венгрия және Монғолия елдерінде өткен халықаралық көрмелерде жоғары бағаланған.