ЕЛ МЕРЕЙІ – ЕҢБЕК АДАМЫ
Республика күніне орай Шымкентте мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала мамандарына мемлекеттік наградалар табысталды. Еңбегімен ел құрметіне бөленген азаматтар марапат төрінен көрінді.
Мерекелік кеш әнұранмен басталды. Жиналғандар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, ілтипат танытты. Қала әкімі тұрғындарды құттықтап, айтулы күннің мән-маңызына үңілді.
Нұржау Сарманов 23 жылдан бері ранемациялық жедел жәрдем көлігін жүргізеді. 15 минут ішінде науқасты тасымалдап, ауыруханаға жеткізуі тиіс. Қарбаласта жылдам қимылдап, кептелісті еңсеруге міндетті. Осы жанкештілігі үшін бүгін ол кеудесіне "еңбек даңқы" мадалін тақты.
Іс-шараның негізгі бөлімінде «Бүгінгі Қазақстан» атты мультиформатты қойылым көрсетілді. Сегіз көріністен тұратын мюзикл тәуелсіз Қазақстанның 35 жылдық тарихын баяндайды.