Негізгі Жаңалықтар 2027 ЖЫЛ – ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС ЖЫЛЫ

2027 ЖЫЛ – ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС ЖЫЛЫ

2027 жыл елімізде қарқынды құрылыс жылы. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің барлық өңірінде құрылыс жұмыстарын одан әрі жетілдіріп, жандандыру қажетін айтты.

 Елдің тұрақты дамуы үшін ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел орындаудың маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, инфрақұрылым салу жұмысы елдің барлық аймағын қамтуы тиіс. Мемлекет басшысы бірінші кезекте облыстардағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілікті зерттеп, талдау жүргізуді тапсырды. Сөзінше, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек. Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет. Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді.

Бөлісу