Негізгі Жаңалықтар КӨШЕГЕ 7 ТОННА ҚОҚЫС ТӨККЕН

КӨШЕГЕ 7 ТОННА ҚОҚЫС ТӨККЕН

Көшеге 7 тонна қоқыс төккен азамат дрон көмегімен анықталды. Сайрам ауданының 42 жастағы тұрғыны көшедегі ашық алаңға тұрмыстық қалдық төккен.

Полицейлер құқықбұзушылықты ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен анықтаған. Аталған дерек бойынша тұрғынға әкімшілік шара қолданылды. Ол өзі төккен қалдықтарды жинап, аумақты тазалады. Полиция белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды төгу заң талаптарына қайшы екенін ескертеді. Әрбір тұрғын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, тазалықты сақтауы тиіс.



Бөлісу