Негізгі Жаңалықтар 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Тұрғын үй кезегінде тұрған 30 отбасы баспаналы болды. Пәтерлер жалдамалы және жеңілдетілген несие негізінде беріліп отыр. Жалпы, жыл басынан бері 4000-нан астам Шымкенттік қоныс тойын атап өткен. Жыл соңына дейін тағы 3000-ға жуық азаматқа пәтер кілті табысталады.


Омар Байтүгелұлының 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі қызы тұрғын үй кезегіне 2015 жылы тіркелген. Көпбалалы отбасының бүгін көптен күткен арманы орындалып, пәтерге қол жеткізді.


 ОМАР БАЙТҮГЕЛҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Қуанышымызда шек жоқ. Мен қызымның қамқоршысы ретінде келіп пәтер кілтін алды. Қала әкімі өзі табыстады.


Баспана кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Пәтерлер жалдамалы сатып алу құқығымен жеңілдетілген несие негізінде берілді.


КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
Пәтерлер жалдамалы және жеңілдетілген несиемен беріліп отыр. Жалдамалы алғандар кейін оны сатып ала алады. Бүгін 30 пәтер берілді.


Баспаналар Бозарық шағын ауданынан берілді. Жыл соңына дейін тағы баспана кезегінде тұрған 3 мыңнан астам шымкенттік үйлі болады.   

Бөлісу