ПРЕЗИДЕНТ Қ. ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Биылғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталады. Жиын жаңадан құрылған бірінші шақырылымдағы Құрылтай отырысында өтті. Оған Құрылтай депутаттары, жаңартылған Үкімет мүшелері, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.
Президент бұрын-соңды болмаған инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл мақсатқа 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінетін болады. Бүкіл ел бойынша көлік, инженерлік және әлеуметтік нысандар құрылысы жеделдетіледі. Сондай-ақ биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында елдегі жаңа әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастыру жүктелді. Жолдауда қалалар мен аймақтарды дамыту мәселесі де айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қуатты қалалар – қуатты аймақтардың негізі» екенін атап өтіп, әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімді даму жоспары болуы керектігін міндеттеді. Сондай-ақ қала ресурстарын тиімді басқару үшін «цифрлық сыңар» жүйесін әзірлеуді тапсырды. Бұл бағыттар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында іске асырылады.