ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН МЕРЕКЕ
Төлеби ауданында қос мереке қатар тойланды. Республика күні мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз - 2026» мерекесіне арналған салтанатты жиында өңір жетістіктері сараланып, еселі еңбек еткен азаматтарға құрмет көрсетілді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығының жетістіктері мен алдағы жоспарлар. Мерекелік жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды құттықтап, өңірде жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобаларға тоқталды.
ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгін Төле би ауданында Республика күнін және Алтын күз мерекесін бірге атап жатырмыз. Енбі барша шаруа қожалықтарын биылғы жасаған жұмыстарының нәтижесін айқындап тиісті марапаттарын барлығын ұсындық. Біздің Төлеби ауданында 2026 жылы жалпы инвестиция көлемі өте үлкен көлемде қарқындап жамып жатыр. Оның бір көрінісі Киелі тас ауылдық округінде 115 млрд теңгелік алюмини орамдарын шығаратын мекеменің құрылысы басталды.
Төлеби ауданында ауыл шаруашылығының әлеуеті артып келеді. Биылғы тоғыз айда саладағы өнім көлемі 45,9 миллиард теңгеге жетіп, 13,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Ал аудан бойынша 63,1 мың гектар жерге егін егілді. Мерекелік жиында осындай нәтижелерге үлес қосқан шаруалар мен сала мамандарына құрмет көрсетіліп, үздіктер марапатталды.
-Алдағы уақытта ауылшаруашылық саласына осында қызмет атқарып жүрген барлық мамандарға тек қана сәттілік тілеймін. Ауылшаруашылығын дамытып үлес қосып жүрген кәсіпкерлер, біз сияқты мамандар тек қана осындай алғыс хатқа бөленіп, алғысқа ие болып жүре берсін.
- Мынау ветеринария саласында атқарған жұмыстарымыз бойынша марапа беріп отыр. Рахмет осындай еліміз әрқашанда жемісті, әрқашанда биіктен көрінсін. Шаруаларымыздың еңбегі елене берсін.
Еңбек адамының мерейін өсіріп, елдің бірлігін бекемдеген қос мереке Төлеби жұртшылығына ерекше қуаныш сыйлады. Республика күні - елдіктің нышаны болса, «Алтын күз» - дала берекесі мен маңдай тердің жемісін дәріптейтін мереке. Салтанатты жиын адал еңбегімен ауданның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға көрсетілген құрметпен түйінделді.