ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДАН НЕ ТҮЙДІ?
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы елдің өткенін саралап, болашаққа бағдар ұсынды. Әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым және саяси жаңғыру мәселелеріне назар аударды. Биылғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталады.
Жолдауға Құрылтай депутаттары, жаңартылған Үкімет мүшелері, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Президенттің мәлімдемесін миллиондаған азамат телеарналар арқылы тамашалады. Ал халық Жолдаудан не түйді? Қандай мәселелерге мән берді? Тұрғындардың пікірін сұрап көрдік.
- Мемлекет басшысының Жолдауын көрдім. Маған ерекше ұнағаны – мұғалімдердің қағазбастылығын азайту мәселесі.
- Маған жалақы мәселесі ұнады. Ең төменгі жалақы көтеріледі екен.
- Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесін жақсы көтерді. Әркімнің өз баспанасы болғаны дұрыс. Бұл – өте орынды мәселе. Құрылыс жылынан күтеріміз көп.