АБАЙ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласының Абай ауданында жол жөндеу, абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл 41 көшеге асфальт төселіп, көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 100 пайызға жетті. Бұл туралы аудан әкімі Шәкір Сұлтанхан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ауданда тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға да басымдық берілген. Биыл жалпы құны 938 миллион теңгеден асатын 15 әмбебап алаңша салу жоспарланған. Сонымен қатар екі ашық спорт алаңы мен тоғыз гүлзардың құрылысы қолға алынған. Асар шағын ауданындағы 30 тұрғын үйдің қасбеті де архитектуралық жарықтандырумен қамтылуда. Ал «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 38 сенбілік ұйымдастырылып, оған 50 мыңға жуық адам қатысты.
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгінгі таңда ауданда инфрақұрылым жүйелері мен қамту көрсеткіші. Аудан аумағында.
Мұнда газдандыру жұмыстары да жалғасуда. Жиделі, Ақжайық және Нұршуақ шағын аудандарындағы үйлерді табиғи газға қосу үшін қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Сонымен қатар 32 мектеп, 9 балабақша мен 13 медициналық ұйымға жылу берілді.
Абай ауданында жол сапасын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық орындарды көркейту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, ауданның инфрақұрылымын жақсарту.