ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Ана тілін қастерлеу, ұлттық әдебиет пен өнерді құрметтеу – ұлттық болмысты сақтаудың басты шарты. Ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық қағидалар жастардың бойына адамгершілік, имандылық пен әділдік сияқты асыл қасиеттерді сіңіреді. Осы орайда қалалық ардагерлер ұйымы «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі» атты форум өткізді.
Іс-шара ата-бабадан қалған асыл мұраны жас буынның санасына сіңіріп, рухани тәрбиені күшейтуге бағытталған. Жиында қазіргі жаһандану дәуірінде төл мәдениетіміз пен салт-дәстүрімізді сақтап қалу мәселесі басты назарға алынды. Ардагерлер қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, өскелең ұрпақтың санасына имандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіруде қариялардың үлгі-өнегесі қажет екенін жеткізді.
ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВ, «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазіргі ақытты біздің елде 2,5 млн ардагер бар. Оның ішінде 100 ден асқаны 1382 адам. 95 тен 100 ге қарағандардың саны 17 мыңнан асады. Бұл біздің ең құнды байлығымыз. Сндықтан бұрыннан қалыптасып келе атқан өзіміздің межелеріміз бар. Әр ауданда, әр қалада, әр-бір облыста. Ол ережелер бүгінгі күнге дейін орындалып келеді.
Басқосуда ардагерлер қаладағы рухани-ағартушылық жұмыстарды жандандыру, өзара пікір алмасу және ұйымының жұмысын одан әрі жандандыру бағытында ұсыныстарын ортаға салды. Қариялар елдің ертеңіне бей-жай қарамай қоғамдағы тәрбие мәселесін әрдайым назарда ұстау қажеттігін атап өтті.
КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біз бүгін ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиені нығайтып, үлкендер мен жастар арасындағы байланысты қалыптастыра алсақ ертең өз тарихын қадір тұтатын, елдің өсіп дамуына үлес қоса алатын саналы ұрпақ қалыптастыра аламыз.
Жиын барысында қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, өнегелі істерімен көзге түскен бір топ ардагер марапатталды. Сондай-ақ, «Құндылықтар тұғырындағы тұлғатану тағылымдары» атты жаңа кітаптың тұсаукесері болды. Ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері бұл еңбектің өскелең ұрпаққа тәлім беруде, тарихи тұлғалардың өмір жолын насихаттауда орны ерекше екенін атап өтті.