ЕРІКТІЛЕР 33 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАҒАН
Еріктілік еріккеннің ісі емес. Қоғам мүддесі үшін ақы алмай қызмет ететін азаматтар мақтау мен марапатқа лайық. Шымкентте осындай 12 мыңнан аса жас бар. Олар ел игілігі жолында аянбай еңбек етеді. Бүгін белсенділер экологиялық мәселелерді талдап, мамандармен пікір алмасты.
Биыл еріктілер 33 тонна қоқыс жинаған. Колледж студенті Әлия Даниярқызы игі іске атсалып, үлес қосқандардың бірі. Бір мезгіл кетпен-күрек ұстап, шаһар аулаларын арам шөптен тазартқан. Тал-дарақты ақтап, арық-атызды күл-қоқыстан арылтқан. Жыл бойы табиғатқа жанашырлық танытып, азаматтық ұстанымын көрсеткен.
ӘЛИЯ ДАНИЯРҚЫЗЫ, СТУДЕНТ
– «Біз жыл басынан бері «Таза Қазақстан» эко акциясына қатысып, 30 тоннадай қоқыс жинадық.» «Мұның барлығы өзгеге емес, өзімізге керек. Қаланың таза болуы барлығымызға пайдалы.»
Шымкентте 12 мыңнан астам ерікті бар. Олар 25 жастар ұйымына мүше. Жыл басынан бері белсенділердің қатысуымен 80-нен аса сенбілік пен экологиялық іс-шара өтіп, қала аумағы тазартылған.
ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Осы іс-шараларымызға 22 мыңнан аса жас қатысқан.» «Жалпы бүгінгі іс-шараның мақсаты жас буын санасына экологиялық мәдениет құндылықтарын сіңіру.»
Жастар санасына экологиялық мәдениет құндылықтарын сіңіру мақсатында арнайы жиын өтті. Мамандар, табиғатты қорғау қажетін айтып, оны ластаудың құқықтық жауапкершілігін түсіндірді.
Іс-шара барысында жастар мамандарға өзін толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.