ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС
Тіл үйретудің дәстүрлі тәсілдері цифрлық технологиялармен толығуда. Шымкентте тіл оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдерге арналған қалалық семинар ұйымдастырылды. Мамандар жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану, оқытудың сапасын арттыру және заманауи технологияларды сабаққа енгізу мәселелерін талқылады.
Бүгінде цифрлық технологиялар білім беру саласының ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, тіл үйретуде интерактивті платформалар мен жасанды интеллект құралдары оқушының жеке қабілетіне қарай жұмыс істеуге, білімін өз бетінше жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы өзекті мәселелер тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық семинарда талқыланады.
ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сандық технология арқылы оқыту тиімділікті әлде қайда жоғары көтереді. Біріншіден, тілді үйрену, меңгеру жоғарылайды. Екіншіден, адамның жадында сақтау қабілеті артады. Егерде осы сандық технологияларды қолдансақ
Семинар барысында дәстүрлі сабақты цифрлық құралдар арқылы жаңғырту, педагог пен жасанды интеллект жүйелерінің өзара тиімді әрекеттесу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен білім алушылардың тілдік деңгейіне сай тапсырмалар әзірлеу, оқыту үдерісін саралау және жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану мәселелері сөз болады.
НҰРЛАН ЕСЕНТАЕВ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Оқушыларды зеріктіріп алмас үшін, оларды қызықтырып тиімді сабақ өту үшін ұстаздар да осы ЖИ өнімін тиімді қолдана білу керек деп ойлаймын. Семинарда ЖИ ресурстарын сабақтарда қалай қолданамыз, солардың қыр-сырын тиімді етіп үйретеміз.
Семинарға жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары, әдіскерлер, тіл орталықтарының мамандары мен білім беру саласының сарапшылары қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.