Негізгі Жаңалықтар «ЖОЛ» СЕРИАЛЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

«ЖОЛ» СЕРИАЛЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Жас жігіт жат ағым жетегіне еріп, ұлттық құндылықтардан бас тартады. Ас беру мен беташарды бидағат деп, салт-дәстүрді жоққа шығады. Бұл Шымкенттік киногерлер таспалаған "Жол" сериалының желісі. 8 бөлімнен тұратын туынды діни экстримизмді сынап, алдын-алуға шақырады.

 Дүкенде мобилограф болып істейтін Әділ, құдай жайында ойлана бастайды. Ақпаратты ресми көзден емес, ғаламтордағы күмәнді бейнежазбалардан алады. Мұның соңы агресивті мінез-құлық пен туған-туыстан алшақтауға әкеледі. Авторлар осы арқылы жат ағымның сұрықсыз кескінін әшкерелеп, алдын-алуға тырысқан.

 ОЛЖАС УӘЛИХАНОВ, "ЖОЛ" СЕРИАЛЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ
 - "Осы сериалды көріп он адам өз қателігін түсініп, теріс жолдан қайтса , міне біздің жеңісіміз осы.»

Сериалдың көрсетіліміне 600-ден аса азамат қатысты. Дені студент. Мерей Тәңірбергеннің айтуынша, өзін сыйлайтын адам өзгенің де пікірі мен ұстанымына құрметпен қарауы тиіс. Бұл - толеранттылық.

 МЕРЕЙ ТӘҢІРБЕРГЕН, СТУДЕНТ
– «Жол фильмін көріп шықтым. Меніңше дін тек құлшылық емес, адамның іс-әрекетіне де байланысты. Әр адамды өзө таңдауына қарай құрметтеуіміз керек.»

 Кино туынды 2 айға жуық түсірілген. Фильмде Шымкенттің көрікті орындары көрсетіледі. Сериалды көріп, көзайым болғандар оның мән-маңызы жоғары екенін айтады.

Бөлісу