Негізгі Жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Ынтымақ бар жерде бірлік бар. Түркістан облысында этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және коммуникация мәдениетін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта «Этностық белгілері бойынша ар-намысқа тию мен қорлаудың кез келген түрлеріне жол бермеу» әлеуметтік жобасы аясында сараптамалық кездесу, тренингтер мен кеңес беру шаралары ұйымдастырылды.


 Әлеуметтік желілер азаматтарға өз пікірін ашық білдіріп, қоғамдық мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Алайда контекстен үзіп алынған сөздер, қате аударма немесе эмоцияға құрылған жарияланымдар қоғамда теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан ақпараттың анықтығы мен оған жауапкершілікпен қарау маңызды. Жоба қоғамдық сенімді нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға, тілдік және этностық белгілер бойынша кемсітушіліктің алдын алуға, сондай-ақ медиа сауаттылықты арттыруға бағытталған.


 ЭЛЬМИРА ЖАНҒАЗИЕВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ТІЛДЕР ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ
Яғни қоғамдағы оң көзқарас пен болашаққа деген сенімді нығайтудағы ролі бүгінгі тақырып. Еліміздің оңтүстік өңірлері оның ішінде Түркістан облысы халық санының көбімен және этнос құрамының алуандығымен ерекшеленеді.

Кейде тұрмыстық дау тілдік немесе этностық сипат алып, бір адамның әрекеті тұтас бір топқа негізсіз айып тағуға себеп болуы мүмкін. Орынды сынды кемсітушілік сипаттағы пікірден қалай ажыратуға болады? Ақпараттың шынайылығын қалай тексеріп, жанжалдың одан әрі өршуіне қалай жол бермеуге болады? Бұл мәселелер сараптамалық талқылаулар мен практикалық сабақтар барысында қарастырылды.

 ЖАНАР БЕКТАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында әлеуметтік экономикалық азаматтардың жауапкершілігіне ерекше мән берді . осы орайда Адал азамат, Заң мен тәртіп, Таза ҚАЗАҚСТАН қағидаттары маңызды бағыттар болып табылады. Бұл құндылықтар этносаралық татулық пен елдің тұтастығын сақтаудың берік тірегі.  

Кездесу барысында жанжалдардың алдын алу, өзара құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және адам қадір-қасиетін қорғау жолдары талқыланды. Сарапшылар ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне де назар аударды. Атап айтқанда, арандатушылық сипаттағы жарияланымдарды анықтау, ақпараттың бастапқы дереккөзін тексеру және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеу тәсілдері түсіндірілді.

Бөлісу