«АУЫЛ» ЖАСТАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
«Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының өңірлік филиал төрағасы Ғани Қарабеков «Ауыл» жастар қанатының белсенділерімен кездесті. Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Жиында ауыл шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу және жастарды қолдау мәселелері сөз болды. Ғани Қарабеков Жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыруда жастардың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар жастарды ел дамуына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласуға, жаңа идеялар ұсынып, нақты істердің бастамашысы болуға шақырды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ
Жолдауында керемет бағыт берілді. Барлық салаға бағыт берілді. Соның бірі «Халықтық құрылыс» басталады. Ол деген тек құрылыс емес, инфрақұрылым, логистика бойынша. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Мысалы, қордан келген ақша жұмыс жасалып, ол ақша қайта еселеніп келеді.