Негізгі Жаңалықтар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕГІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕГІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

ІІМ халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы ер адамды Шымкент қаласында ұстады. Ол 4 млрд теңгеден астам қаржыға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.


Тергеу барысында күдіктінің бір топ адаммен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, алдау жолымен Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенін салуға қаражат тартқаны анықталды. Алайда құрылыс жұмыстары қажетті рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген. Салдарынан 292 үлескер зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 млрд теңгеден асады. Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның ұзақ уақыт бойы Шымкент қаласында жасырынып жүргені белгілі болды. Ол ізін жасыру мақсатында жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып отырған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.



Бөлісу