Негізгі Жаңалықтар ҒЫЛЫМИ ӘРІПТЕСТІК КЕҢЕЙЕДІ

ҒЫЛЫМИ ӘРІПТЕСТІК КЕҢЕЙЕДІ

М.Әуезов атындағы университет халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтып келеді. Оқу ордасында өнеркәсіптік технологиялар мен инжинирингке арналған XIII халықаралық ICITE конференциясы өтті. Жиынға шетелдік ғалымдар мен профессорлар қатысып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Ғалымдар, кәсіпорындар мен мемлекеттік орган өкілдері өңір экономикасының өзекті міндеттерін шешуге бағытталған мәселелерді талқылады. Шетелдік ғалымдар баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Университет жергілікті кәсіпорындармен бірқатар меморандумға қол қойды.

МҰХТАР ТӨЛЕГЕН, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ РЕКТОРЫ
– «Ол жәй ғана меморондум емес. Алдағы уақытта нақты жұмыстар іске асатын болады. Бұл компанияларға біздің студенттер барып, іс-тәжірибеден өтеді. Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.»

 Жиынға америкалық және бельгиялық университеттердің ғалымдары қатысты. Шетелдік мамандар жергілікті оқу орындарымен байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Мәселен, М.Әуезов атындағы университет пен Бельгияның Гент университеті ауыл шаруашылығы бағытында бірлескен зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.

АБДУЛ МУАЗЕН, «ГЕНТ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ
«Сіздің ғалымдар, докторанттар мен магистранттар бізге келіп, біздікілер сізге барып тәжірибе алмасады. Сіздің бізден,  біздің сізден үйренеріміз көп. Екі жақты ынтымақтастықтың орнағаны көңіл қуантады. Алдағы уақытта бірлесе жемісті ғылыми жобаларды іске асырамыз деп сенем.»  

Конференцияда жергілікті кәсіпорын өкілдері мен шетелдік ғалымдар өз пікірлерін ортаға салды. Олардың айтуынша, студенттердің сабақтан тыс уақытта өндіріс орындарында тәжірибе жинақтап, ғылыми жобаларға қатысуы кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.


Бөлісу