Негізгі Жаңалықтар ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

Шымкентте теңге ілуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Жаңа ипподромда бас қосқан 12 өңірдің 45 шабандозы ұлттық спорттан кім мықтыны анықтап жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Шымкент спортшылары екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

Екі күнге созылатын чемпионатта қатысушылар «Қос құлаш», «Бес белес» және «Алтын тұяқ» бағыттары бойынша бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, теңге ілуге қызығушылық артып, спорт түрі қарқынды дамып келеді.

 АМАНГЕЛДІ ӘБДІҚАДЫРОВ, ТЕҢГЕ ІЛУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Осы жылға дейінгі чемпионаттарда жүлдегерлер қатарында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының спортшылары болса, қазір өзге өңірлердің спортшылары да мықты. Бұл – біздің спорттың дамып келе жатқандығының белгісі.

 Теңге ілу шабандоздан ептілік пен дәлдікті, атты еркін басқаруды талап етеді. Жердегі теңгені ат үстінен іліп алу үшін спортшының дайындығы мен шабандоз және сәйгүліктің үйлесімі маңызды.

ҚАНАТ БАҚТЫБАЙ, ОЙЫНШЫ
Қарсыластарымыздың барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Әсіресе шымкенттік спортшылар жақсы дайындалыпты.

 Алғашқы жарыс күнінде «Бес белес» бағыты бойынша Шымкент қаласының өкілі Түлкібай Азат алтын медаль иеленді. Күміс жүлде Әсімжан Нариманға бұйырса, қола медаль тағы бір шымкенттік спортшы Төлтай Бақытқа табысталды. Чемпионат 2 қарашада жалғасады. Соңғы күні шабандоздар «Алтын тұяқ» бағытында бақ сынап, үздіктерді анықтайды.


Бөлісу