Негізгі Жаңалықтар ЖАС ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

ЖАС ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Жастардың тың идеясы – ел дамуының қозғаушы күші. Шымкентте жас таланттардың әлеуетін арттырып, жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының жеңімпаздары анықталды. 12 тамыз бен 15 қазан аралығында өткен жобаға 105 адам өтінім білдірген. Оның 51-і өз жобасын ұсынып, бес бағыт бойынша үздіктер іріктелді. Жас жеңімпаздарды марапаттаған іс-шараға тілшіміз де қатысып қайтты.

Байқау қатысушылары ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, медиа және волонтерлік бағыттарда бақ сынады. Әрқайсысы өз идеясын қазылар алқасының алдында қорғап, жобасының маңыздылығы мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін таныстырды. Нәтижесінде бес бағыттың әрқайсысынан бір жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында қаланың мәдени мұрасын цифрландырудан бастап, инклюзивті орта қалыптастыруға арналған тың бастамалар бар.
 
ӘКІМЖАН ӘБДӘКІМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл тәуелсіздік ұрпақтары жобасы өзі 5 бағыт бойынша болады. Волонтерлық, медиа, ақпараттық технологиялар және мәдениет, ғылым бағыты бойынша жастарға арналған жоба бұл. 14 пен 35 жас арасындағы. Бұл жастардың білімін шыңдауға, өздерінің жобаларын іске асыруға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып жатқан жоба. Оларға бір 2-3 минуттан уақыт берді. Бірақ, өздері қорғап жақсы, нақты ұсыныстарымен осы бүгінгі 5 адам жеңімпаз атанды.

Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша жеңімпаз атанған 21 жастағы Нұрия Кемелбекова – волонтер. Ол осы қызметі барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың күнделікті қиындықтарын байқап, «QAMQOR MAP» жобасын әзірлеген.


НҮРИЯ КЕМЕЛБЕКОВА, ЖЕҢІМПАЗ
Қарапайым саябақтың өзі- ерекше баласы бар аналар үшін өте үлкен мәселе. Осы мәселені көтере отырып, Қамқор MAБ жобасын “Қолжетімді қала–баршамызға ортақ қала” деп алдым. Қамқор МАБ жобасы Шымкент қаласын инклюзивті қалаға айналдыру мақсатында жасалатын жоба. Арба тұтынушыларға, арбада жүретін кісілерге, ерекше баласы бар аналарға немесе инвалидность бар кісілерге арналған карта бұл.


 Байқау жеңімпаздарына берілген 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай қолдау олардың бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл жобалар жастардың тек идея ұсынып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға да дайын екенін көрсетеді. Ал мұндай қолдау жаңа бастамаларға жол ашары сөзсіз.

Бөлісу