102 НӨМІРІНЕ 4 МИЛЛИОННАН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСКЕН
Биыл жыл басынан бері полицияның 102 байланыс нөміріне 4 миллионнан астам өтініш түскен. Ел бойынша күн сайын азаматтардан орта есеппен 12-15 мың хабарлама қабылданып, өңделеді.
Полицияның мәліметінше, 102 нөміріне түскен әрбір қоңырау ақпараттық жүйеде автоматты түрде тіркеліп, назардан тыс қалмайды. Хабарламаның мазмұны мен оқиға орнына қарай полицияның тиісті бөлімшелері жедел шара қабылдайды. Ал полицияға хабарласу үшін тек телефон қоңырауын пайдалану міндетті емес. Қазір тұрғындар «Police 102» мобильді қосымшасы, SOS дабыл түймесі және «Заң және тәртіп» сервисі арқылы да өтініш жолдай алады. Бұл сервистер азаматтарға құқық бұзушылықтар мен түрлі оқиғалар туралы полицияға жедел хабар беруге мүмкіндік береді. Келіп түскен ақпарат оқиғаның сипаты мен мекенжайына қарай жауапты бөлімшелерге жолданып, тексеру жұмыстары жүргізіледі.