Негізгі Жаңалықтар ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНДА

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНДА

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНДА

Шымкентте ұлттық өнердің озық үлгілері бір алаңға тоғысты. «Халық мұрасы – халық қазынасы» атты көрме-жәрмеңкеде жергілікті шеберлер өз туындыларын жұртшылыққа таныстырды. Атадан балаға жалғасқан қолөнер дәстүрін дәріптеген шараны тілшіміз айтады.

Көрмеге 62-ге жуық қолөнер шебері жиналды. Олар зергерлік әшекейлерден бастап, ұлттық киімдер мен тұрмыстық бұйымдарға дейін түрлі туындыларын ұсынды. Қатысушылардың бірі – 70 жастағы Шаркүл Әлімханова. Зейнеттегі шебер тігіншілікпен айналысып, құрақ өнерін де қатар алып жүр.

 ШАРКҮЛ ӘЛІМХАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
– «Өзім жан-жақты қолөнерші болғандықтан киім де тігемін, құрақ та пішемін»

Мұнда дәстүрлі қолөнер туындыларымен қатар, заманауи үлгідегі бұйымдар да ұсынылды. Келушілер шеберлердің еңбегін тамашалап қана қоймай, өздері де шығармашылыққа ден қойды. Тәжірибелі мамандар ұйымдастырған шеберлік сабақтарында жаңа дүниелерді жасап көруге мүмкіндік алды.

МАЙРА ШАМШАДИНОВА, МҰҒАЛІМ
– «Қазір екі жарымда менің сабағым бар, оған дейін осында келіп шеберлік сағатына қатыстым. Өзімді оқушы сияқты сезіндім. Сурет салдым»

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, қолөнер шеберлерінің өзара тәжірибе алмасуына жол ашады. Сондай-ақ жас ұрпақтың төл мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

САПАР ИСАҚОВ, КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.
Көрменің мән-маңызы жоғары. Ұлттық идеологияны нығайтып, салт-дәстүрді насихаттау басты мақсат.

Ұлттық мұраны ұлықтаған көрме шеберлердің еңбегін елге танытып, төл өнердің заман талабына сай дамып келе жатқанын көрсетті. Атадан қалған асыл қазына осылайша жаңа буынның қызығушылығымен қайта жаңғыруда.


Бөлісу