Негізгі Жаңалықтар ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан әртүрлі қарудың екі мыңнан астам бірлігін тәркіледі. Оның ішінде қылмыстық істерге қатысы бар 184 қару және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 160 қару бар.


 Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында төрт күн ішінде 170-тен астам атыс қаруы және әртүрлі калибрлі 800-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Алматы, Шымкент қалаларында және Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған төрт қару табылып, тәркіленді.


 ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар жауапкершіліктен босатылады. Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады. Заң мен тәртіпті сақтаңыздар.

Бөлісу