Негізгі Жаңалықтар СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҮСІНДІРІЛДІ

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҮСІНДІРІЛДІ

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҮСІНДІРІЛДІ

Қаржылық сауаттылық – бүгінгі жастар үшін маңызды дағды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде студенттерге қаржылық қауіпсіздік пен кәсіби бағдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Басқосуда департамент басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі туралы баяндады. Ал превенция және талдау әзірлемелері басқармасының басшысы саладағы IT жобаларды таныстырды. Гүлзия Қарсыбай студенттерге қаржылық қауіпсіздік, дропперлік операциялардың қаупі және одан сақтану жолдары туралы дәріс оқыды. Кездесу ашық диалог форматында жалғасып, жастар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

САБЫРҒАЛИ БАЛҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
– «Еліміздің 8 университетінде микробіліктілік бағдарламасы оқытыла бастады» «Қазіргі таңда 13 студент осы бағдарламамен теориялық білімін практикамен ұштастырып отыр»

Бөлісу