Негізгі Жаңалықтар 46 ЗАҢСЫЗ ЖАЗБА ӨШІРІЛДІ

46 ЗАҢСЫЗ ЖАЗБА ӨШІРІЛДІ

46 ЗАҢСЫЗ ЖАЗБА ӨШІРІЛДІ

Түркістан облысында есірткі жарнамасына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Кентау қаласында полиция қызметкерлері көпқабатты үйлердің қабырғаларындағы есірткі сатуға қатысты Telegram арналарының жарнамасын анықтап, өшірді.

 Полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз жазбаларды жоюға бағытталған бес профилактикалық іс-шара өткен. Нәтижесінде есірткі жарнамасы мен вандализм сипатындағы 46 граффити жазбасы өшірілген. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз жарнамаларды анықтау және жою жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырмақ.

Бөлісу