ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Президент Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуда білім беру мен денсаулық сақтау саласына қатысты басымдықтар, сондай-ақ оларды жүзеге асыру аясындағы міндеттер сөз болды.
Жиын барысында Президент Жолдауында белгіленген ел дамуының басым бағыттарына назар аударылды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік нысандардың құрылысын дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері қозғалды. Академия ұжымы үшін бұл міндеттер медициналық білім мен ғылымның дамуы, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау мәселелерімен сабақтасады.
ЖАНАТ ОРАЛБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Әсіресе, медициналық білім беру саласында, денсаулықты сақтау саласында президенттің биылғы жыл жалпы «Халықтық құрылыс» жылы деп аталғандығын, оның ішінде клиникалардың салынуы, ауруханалардың салынуы, жолдардың жөнделуі жалпы еліміздегі барлық салаларда құрылыс қарқынды жүретінін атап өтті.
Басқосу Жолдаудағы айқындалған стратегиялық міндеттердің жоғары білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласы үшін маңызы сөз болды. Әсіресе медицина саласында кәсіби білімі терең, жауапкершілігі жоғары мамандар даярлау – уақыт талабы. Осы тұрғыдан алғанда, Президент белгілеген міндеттерді білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысымен ұштастырудың маңызы зор.
ӘДЕМІ ЖӘНІБЕКОВА, СТУДЕНТ
Президент жолдауында айтылған денсаулық сақтау саласында жаңарту мен білікті маман даярлау міндеттерін өз болашағымызғ тікелей қатысты деп қабылдаймыз. Сонымен қатар, замануи аурухана мен озық технологияның игілігі халыққа жанашырлықпен қарайтын маман арқылы жетеді деп қабылдаймыз.
Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру – әрбір сала өкілінің ортақ жауапкершілігі. Ал медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары үшін бұл міндеттердің орны ерекше. Кездесу барысында Жолдаудағы бастамаларды іске асыруға қатысты ой-пікірлер ортаға салынып, академия ұжымының алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.