КІЛЕМ ТОҚУ ӨНЕРІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ
Ұлттық мұраны ұлықтап, ұмыт бола бастаған өнерді қайта жаңғырту. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай Шымкентте «SHE RUG 2026» көрмесі мен ғылыми-танымдық семинар ұйымдастырылды. Кездесуде қазақтың дәстүрлі кілем тоқу өнері дәріптеліп, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу жолдары сөз болды.
Өзбекәлі Жәнібеков – ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Оның бастамасымен көптеген көне дәстүр қайта түлеп, ұмыт бола бастаған қолөнер түрлері зерттеле бастады. Қожа Ахмет Ясауи мен Айша бибі кесенелерін қалпына келтіру жұмыстарына да ұйытқы болған қайраткер кілем тоқу, сырмақ сыру өнерінің сақталуына ерекше мән берді. «Шертер» ансамблінің құрылуы, «Алтыбақан» дәстүрі мен Наурыз мерекесінің жаңғыруы да оның есімімен тығыз байланысты.
ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР
Қазақтың қолөнері ұмытылмас үшін бізде соны сабақтас ретінде қазіргі әже апаларымыз студенттерге, жастарға үйретіп кету мақсатында осы іс-шара Жәнібеков университетінде студенттермен бірге атқарылып жатыр. Кеше, бүгін әжелеріміз студенттерменбірге осыдан 100 жыл, 50 жыл, 75 жыл бұрын тоқылған кілемдерді студенттермен бірге тамашаладық. Қазақстың әр-бір өрнегінің мағынасы үлкен. Ол жерде біздің егемендігіміз баяндалады. Ал бұралған мүйіздер сияқты кілемдер ол қазақтың батырлығын байқатады.
Көрмеде өткен ғасырларда тоқылған кілемдер көпшілік назарына ұсынылды. Әжелер ұлттық өнердің қыр-сырын студенттерге көрсетіп, әрбір ою-өрнектің астарындағы тарихи мәнді түсіндірді. Ал «SHE RUG» жобасының негізін қалаушы Сандуғаш Бейсенбекова дәстүрлі кілем тоқу тәсілдерін заман талабына сай дамыту мәселесіне тоқталды.
САНДУҒАШ БЕЙСЕНБЕКОВА, «SHE RUG» КӨРМЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ, «SHYRAQ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің басты мұра ол көшпелілер тез жеңіл таситын ол текстил өнімдері. Кілем, киіз, алаша. Бүгінгітаңда кілемді көтеріп жатқандар өте аз. Апаларымыз аылда бар. Соны жаңғырту үшін жасадық. Биыл біз Ө.Жәнібековтың 95 жылдық мерейтойын тойап жатырмыз. Ол кісі қазақтың мұрасын, мәдениетін дәріптеуге өте үлкен үлес қосқан. Тайқазанды, Нарызды қайта жаңғыртқан. Сондай-ақ кілем туралы. Мысалы Қоңырат кілемі әйгілі сол кісінің бастамасымен музейге берілген.
Қазақ кілеміндегі әрбір оюдың өзіндік тарихы мен терең мағынасы бар. Бұл – ұлттың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымы мен таным-түсінігін бейнелейтін баға жетпес мұра. Семинарда жастарға осы құндылықтар кеңінен таныстырылып, дәстүрлі қолөнерді келешек ұрпаққа жеткізудің маңызы айтылды. Ұлттық өнерді ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібековтің өнегелі жолы бүгін де жалғасын тауып келеді.