Негізгі Жаңалықтар ҚАРАУСЫЗ ЖЫЛҚЫ ИЕЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ҚАРАУСЫЗ ЖЫЛҚЫ ИЕЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ҚАРАУСЫЗ ЖЫЛҚЫ ИЕЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Қараусыз жүрген 27 бас жылқы Ордабасы ауданында анықталды. Төрт түлік көше бойындағы гүлдер мен көгалдарды таптап, абаттандырылған аумаққа зиян келтірген. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп, мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел басқару орталығының камераларынан түскен ақпарат бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Қараусыз жүрген жылқылар арнайы мал қамайтын орынға жеткізілді. Тексеру барысында иелері анықталып, оларға әкімшілік шара қолданылды. Полиция тұрғындарға малды қараусыз жібермеуді ескертеді. Өйткені иесіз жүрген төрт түлік жол-көлік оқиғасына себеп болып, қоғамдық аумақтарға да зиян келтіруі мүмкін.




Бөлісу