Негізгі Жаңалықтар ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МІНДЕТТЕРІ

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МІНДЕТТЕРІ

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МІНДЕТТЕРІ

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының алдағы бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Ендігі міндет – онда белгіленген басымдықтарды нақты іске асыру. Осы мақсатта Шымкент қаласы әкімдігінде «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды.


 Басқосуда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Президент тапсырмаларының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Жолдауда көтерілген экономикалық өркендеу, әлеуметтік тұрақтылық пен инфрақұрылымды дамыту мәселелері елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады. Ал белгіленген міндеттердің түпкі нәтижесі халықтың тұрмыс сапасынан көрінуі тиіс.


 ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Президентіміздің жолдауы еліміздің алда тұрған мақсатын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат болып табылады. – Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына, инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелерді көтерді. Президент жүктеген міндеттердің барлығы халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.


Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту. Қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов стратегиялық жоспарлауды заман талабына сай қайта қараудың қажеттігін атап өтті. Себебі жаһандық өзгерістер, геосаяси ахуал мен жасанды интеллектінің дамуы мемлекеттік басқаруға жаңа талаптар қойып отыр.


 БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Бұл уақыт талабында туындаған қажеттілік. Себебі бүгінгі әлем жылдам өзгеріп жатыр. Геосаяси жағдай халықаралық байланыстар жасанды интелектінің кеңінен таралуы мемлекеттердің даму үрдісіне жаңа талаптар қойып отыр.  


Технология дамыған сайын цифрлық ортадағы жауапкершілік те арта түседі. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпау, өзгенің жеке өміріне қол сұқпау, дербес деректерді қорғау – бүгінгі қоғамның маңызды мәдениет өлшемдері. Жиында осы мәселеге де ерекше назар аударылды.


ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Технологиялар дамыған сайын адамның жауапкершілігі де жоғарылауы тиіс. Мәдениет тек көшеде қоғамдық орында ғана емес ақпарат саласында да сақталуы қажет.  


Ал цифрландыру дәуірінде білім мен бәсекеге қабілеттілік алдыңғы орынға шығады. Қоғамдық кеңес мүшесі Бақтияр Тайжан жаңа кезеңде заман көшіне ілесу үшін білімді әрі ізденімпаз болудың маңызын атап өтті.


 БАҚТИЯР ТАЙЖАН, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Цифрландыру дәуірі келіп жатыр. Алма піс аузыма түс дейтін уақыт емес қазір заманның басқа бір ағымына кірдік. Қазір білімділер заманы.


Басқосуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, білім мен ғылымды дамыту, адами капиталды арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар қала тазалығын сақтау мен тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі айтылды. Жиын соңында қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салып, басым бағыттар бойынша пікір алмасты.






Бөлісу