«МАМАНДЫҚҚА ШЕКТЕУ ЖОҚ – МҮМКІНДІК БӘРІНЕ ОРТАҚ»
Қолөнерге қабілет те, шығармашылыққа шек те жоқ. Шымкентте «Мамандыққа шектеу жоқ – мүмкіндік бәріне ортақ» атты ерекше көрме ұйымдастырылды. Онда кәсіптік колледж студенттері мен ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушылары өздері жасаған бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Көрмеге ағаштан ойылған мүсіндер, тоқыма өнімдері, суреттер мен түрлі қолөнер туындылары қойылды.
Ұлттық қолөнер заман талабына сай жаңарып, жаңа сипат алып келеді. Әсіресе, қазақы ою-өрнекпен көмкерілген бұйымдарға сұраныс жоғары. Мұны өз туындыларымен дәлелдеп жүргендердің бірі – қолөнерші-дизайнер Баян Тастанова. Ол көрмеге заманауи нақышта тігілген көрпешелер, жастықтар мен көрпе тысын әкелген.
БАЯН ТАСТАНОВА, ҚОЛӨНЕРШІ-ДИЗАЙНЕР
Бүгінгі көрмеге біз арнайы шақыртумен осындай қолөнерді дамыту мақсатында жастарға үлгі болсын деп барлығы қолдың еңбегі ғой соны бағалатын әрі осындай кішігірім осындай көрпелерімізді көрсетуге келдік. Қазақи дәстүрді дәріптеу мақсатында осындай қыз жасауымен айналысамыз. Жастардың талғамы бойынша әр ұзатылған қызға өзінің қалаған түсінде шаңырақ, аққу сияқты бейнелерді қойып дайындаймыз.
Көрмеде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың да қолынан шыққан туындылар көпшіліктің назарына ұсынылды. Ұстаздарының айтуынша, әр баланың бойында ашылмаған қабілет пен шығармашылық әлеует бар. Олар осындай көрмелер арқылы еңбегін көпшілікке танытып қана қоймай, өзіне деген сенімін арттырады. Ал қолөнер үйірмелері болашақ мамандығын таңдауға да жол ашады.
ГАУҺАР ШЫРЫНҚҰЛЫЗЫ, КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Біз өзіміздің жоспарымыз бар. Жоспар бойынша үйретеміз. Бірніші инеге үйретеміз ине ұстауды. Сосын тігін машинаға отырғызамыз. Сол тігістердің барлығын бейімдеп арасында тоқуды үйретеміз. Сосын кестелеуді үйретеміз. Қазір заманауи липокасдны» смола шығып жатыр. Жүнмен жұмыс шығып жатыр. Солардың барлығын бейімделіп курс өтемезі. Бұлар өмірге керек екеніні үсінеді ғой. Ары қарай мектепті колледжді бітірген соң өмірге деген құштарлығы бар. Армандары көп. Қыздарымыз дизайнер болғысы келеді.
Көрмені Тұран ауданының әкімдігі ұйымдастырған. Басты мақсат – әйелдердің қоғамдағы және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін көрсету, гендерлік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру. Сонымен қатар отбасылық-демографиялық құндылықтарды дәріптеп, қыз-келіншектердің кәсіби белсенділігін арттыруға басымдық берілген.
ТАЛҒАТ СӘЛІМ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Кез келген салада әйел азаматтары жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Осны көрсету мақсатында көрме ұйымдастырдық. Оған қаладағы, аудандағы құрылыс саласындағы, қаіпсіздік саласындағы, құтқару саласындағы жұмыс істей алатын әйел азаматтар келіп өздерінің жұмыстарымен мүмкіндіктерімен тәжірбиесімен бөлісіп, келе жатқан өскелең ұрпаққа көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Көрменің мазмұны сән көрсетілімімен де толықты. Студенттер өз қолдарымен тіккен киімдерін подиумға шығарып, дизайнерлік қабілеттерін паш етті. Ерекше үлгідегі киімдер мен тың идеялар көрерменнің қызығушылығын оятты. Бұл – жастардың шығармашылығын шыңдап, қыздардың кәсіби әлеуетін қолдауға бағытталған бастаманың бір көрінісі.