Негізгі Жаңалықтар ДЕПОЗИТТЕРГЕ 5%-ДЫҚ САЛЫҚ САЛЫНА МА?

ДЕПОЗИТТЕРГЕ 5%-ДЫҚ САЛЫҚ САЛЫНА МА?

Әлеуметтік желіде банк депозиттерінен түсетін сыйақыға салық енгізілетіні туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Дезинформацияға қарсы күрес орталығы түсініктеме берді.


 Интернетте биліктің депозиттерге 5%-дық салық енгізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болған. Кейін бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Алайда, ұлттық экономика министрлігі қауесетті жоққа шығарғанынан қарамастан, жалған ақпарат желіде таралуын тоқтатпаған. Осыдан кейін дезинформацияға қарсы күрес орталығының мамандары да жалған мәліметті теріске шығаруға кірісті. Орталық азаматтарды ақпарат тарату кезінде жауапкершілікпен қарауға шақырады. Әсіресе, негізсіз алаңдаушылық пен қоғамда шиеленіс тудыруы мүмкін әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты мәліметтерді жариялағанда мұқият болу қажет деп ескерттеді.

Бөлісу