Түркістанда шайбалы хоккейден 2015-2016 жылы туған балалар командалары арасында «Федерация кубогы» республикалық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жасөспірімдердің бәсекесі қаладағы «Мұз сарайында» бастау алды. Республикалық турнирге 9 команда қатысуда. Еліміздің өңірлерінен және көршілес Өзбекстан Республикасынан командалар кім мықтыны анықтау үшін бақ сынайды.

 Жеңімпаз және жүлдегер командалар 31 қазан күні анықталып, хоккей федерациясы атынан сый-сияпат табысталады.

Айта кетейік, «Мұз сарайы» спорт кешенінде шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей секілді спорт түрлерін дамыту көзделген. Қазіргі таңда осы спорт түрлерінен 400-ге жуық жас спортшы күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде, басқа өңірлерден тәжірибиелі жаттықтырушылар шақыртылып, облыста қысқы спорт түрлері кәсіби түрде дамып келеді.

ДАНИЯР ИСАБАЕВ, ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Бұл жарыс түркістанда алғашқы рет өтуде Қатысып отырған 9 команданың ішінде қазақстанның барлық өңірлерінен командалар келіп отыр. и Біздің командамызды Өте тартысты өтуде Біздің болашақ чемпиондарымыз өнерлерін көрсетуде.