Қазақстанның туристік әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді. Биыл алғашқы үш айдың өзінде елімізге 2 миллионнан астам шетелдік турист келген. Бұл кезеңде 3 миллионға жуық қазақстандық шекара асып, шет мемлекетке сапарға шыққан.

 Еліміз тек турист тартумен ғана емес, инфрақұрылымды дамытуымен де ерекшеленіп отыр. Әсіресе курорттық аймақтарға сұраныс жоғары. Алғашқы тоқсанда 802 мыңнан астам турист дәл осы демалыс орындарын таңдаған. Келушілер қатарының артуы саланың табысын да еселеді. Үш айда туризмнен түскен табыс 69,4 миллиард теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға жоғары көрсеткіш.