Шымкентте жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы жолы №11 және №20 бағыттарында қатынайтын автобустардың құрамы толық жаңартылды.


 Екі бағытқа барлығы 15 автобус шығарылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Бұл бағыттар күн сайын мыңдаған жолаушыны тасымалдайды. Сондықтан тасымалдаушы компания көлік паркін заманауи үлгідегі автобустармен толықтырған. Конкурс қорытындысымен анықталған жаңа оператор жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне басымдық беріп отыр. Қалада қоғамдық көлік инфрақұрылымын жетілдіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.