Өнерде шектеу де шекара да жоқ! Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін жандар сахнада өнер көрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленді. «Әр жүректе үміт шамы сөнбесін» атты инклюзиялық театр кешінде 18 жастан асқан өнерпаз жастар шығармашылық қабілетін паш етті.Өмірлік сынақтарға мойымай, өнерге қанат байлаған жастардың сахнадағы әрбір қимылы, әрбір рөлі көрерменді тәнті етті. Бұл кеш тек қойылым емес, бұл тең мүмкіндіктер мен үлкен үміттің мерекесі.
Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында талантты жастар көп. Солардың бірі – Салих Қалиев. Жетімдер үйінің түлегі 6 жасынан әншілікті жанына серік еткен. Инклюзиялық театр кешінде авторлық әнін айтып, өнерімен көпшіліктің ықыласына бөленді.
САЛИХ ҚАЛИЕВ, ӘНШІ
Осындай ерекше жандар мен қарапайым адамдарды біріктіріп, менде ерекше жанмын. Біз барлығымыз қоғамға қосып, бөлмей, ажыратпай қоғамға белсенді қылып көрсетіп, өскелең ұрпаққа мотивация беріп, әсерлі жобада мен арнайы қонақ болып келіп отырмын. Авторлық әнімді ұсынайын деп жатырмын. Әннің аты «Анаға сағыныш. »
Тағылымды кеште ерекше күтімді қажет ететін жандар сахнада ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнады. Поэзия оқып, сахналық қойылым көрсетті. Жоба тең қоғамды қажет ететін балалардың талантын ашып, қоғамның оларға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуге бағытталған.
ӘЛІ АЛДАБЕРГЕН, МУЗЫКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУШІ
Бүгінгі кеште әр орындаушыда өздерінің өміріндегі оқиғалары, бастан өткен оқиғалар, ажырасу, ауыл жайлы ата-анасының әжесінің қандай жнр болса сол қамтылатын болады. Бұл біздің ең бірінші бастамамыз. Келесі кешіміз спектакль форматында болады.
Инклюзиялық іс-шараны «Рақмет саған, анашым» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Оңтүстік өңірде алғаш рет қолға алынған жобаға 15 бала қатысып, өнер көрсетті.
АЛМАГҮЛ КЕНЖЕТАЕВА, «РАҚМЕТ САҒАН, АНАШЫМ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Осы Шымкент қаласы бойынша оңтүстік өңірде бірінші рет біз бастап отырмыз. Мақсатымыз ерекше жандар мен қоғамдағы инклюзиялық топты біріктіру. Бұл әр түрлді тақырыпта қозғалатын дүние болғандықтан адамның жүрегінен шыққан дүниелерді жарыққа шығару мақсатында жасап отырмыз.
Елімізде арнайы білім беруді қажет ететін 237 мыңнан астам кәмелетке толмаған жас бар. Ал 18 жастан асқан ерекше күтімді қажет ететін жандарды тәрбиелейтін жалғыз ғана орталық бар. Қазіргітаңдаонда 20 бала қызметалады.