Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жүздесуде қалалықтардың ұсыныс-пікірлері мен түйткілді сауалдары тыңдалды.
Жиында көтерілген әрбір мәселе жан-жақты талқыланып, жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Барлық өтініш заң аясында қаралып, оңтайлы шешімін таппақ. Мәселелердің орындалу барысын Сәрсен Абайұлы жеке бақылауында ұстайды.Еске сала кетейік, әкімдікте тұрғындарды жеке қабылдау ай сайынғы екінші және төртінші сейсенбі күндері өтеді. Жазылу үшін Азаматтарды қабылдау орталығына баруға немесе «e-Өтініш» платформасы арқылы онлайн тапсырыс беруге болады. Халықпен ашық диалог орнатып, әр өтінішке заң шеңберінде нақты нәтиже шығару - әкімдіктің басты межесі.