Шымкентте тағы 30 отбасының арманы орындалды! Ақжайық шағын ауданында жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталып, тұрғындар қоныс тойын тойлады. Үшінші мегаполисте қолжетімді қолжетімді баспамен қамту бағдарламалары қарқынды жүзеге асып жатыр.


Бұл жолы баспана кезекте тұрған және «Отбасы банк» арқылы төлем қабілеттілігін дәлелдеген азаматтарға берілді. Олар «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларының қатысушылары. Жаңа қоныс иелерінің қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен бюджеттік сала қызметкерлері бар. Ақжайықтағы су жаңа көпқабатты үйлер заман талабына сай салынған. Аулалар абантандырылып, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен толық қамтылған. Мамандардың айтуынша, мұндай мемлекеттік қолдау шаралары тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, қаладағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайта түспекші.